Кеше «Астана-Арена» стадионында футболдан қазақстан кубогының финалы ойнатылды. Онда тараз бен шахтер командалары арасында теке тірес өтіп, жеңімпаз болып шахтер командасы танылды. Қарағандылық команда өз тарихында бірінші мәрте Қазақстанның кубогының иегері атанады.
Бұл кездесуге қарағандыдан бес мың ал тараз қаласынан 2 мың жанкүйер келді. Сондықтан болар стадиондағы атмосфера өте тамаша көңүл-күймен өрілді. Қазақстан футболының 100-жылдығына сәйкес келген 22-кубоктың финалы мерекелі іс шаралармен ашылды. Атап өтер болсақ театрланған көрініс қойылып, қазақи күй арена төбесінде асқақтады.
Осыған дейін Қазақстан кубогын жеңбеген шахтер өзінің жеке тарихына өзгерту енгізуге тырысты. Ал әулиеаталықтар Қазақстан кубогын 2004 жылы жеңіп қойған болатын. Дегенмен екі команда да келер жылы еуропа лигасында ойнау үшін таласты десек те болады. Кездесу басталысымен қос ұжымның ұстанар тактикасы белгілі болды. Шахтер» стандартты жағдайларды пайдаланып шабуылдаса, тараздықтар қорғанысқа көңіл бөліп жауапты шабуылдарға ғана иек артты.
Бірінші таймда іліп алар дәнеңе болмағандықтан екінші таймның басында тіркелген голға тоқталсақ. Жеңісті голдың авторы атанған Сергей Хижниченко қақпашы Рамиль Нұрмұхамедовке ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Никола Василевичтің пасын мүлт жібермеген сұрмерген қарағандылық жанкүйерлердің сенімін ақтады.
Соғылған голға тараз ойыншылары лайықты жауап қатуға тырысты. Сол себептен бас бапкер Арно Пайперс шабуыл өтін күшейтті. Ойыншылар алмастырып, шаршаған футболшылардың орнына Обиора мен Шаффты кіргізді. Соңғы минуттарда обиора бір қорғаушыдан айналып өтіп әріптесіне пас шығарған бірақ сергей Шафф ұрымтал сәтте сәл ғана допқа жете алмай қалды. Кездесудің соңында қос команда ойыншылары жиі ұстасып қалып жатты. Финонченко мен евстигнеев сары қағаздан алып, ойынның уақытын созып жіберді. Ойынның негізгі уақытына қанша үзілістер болса да, бас төреші Игорь Алешин 2-ақ минут қосты. Финалдық бәсекеде 2 минуттың тіпті аз екендігін кездесу аяқталысымен тараз бас бапкері арно пайперс бетке басып айтты.
Арно Пайперс «Тараз» командасының бас бапкері
- Кездесудің екінші таймында 1 гол соғылды. Сосын алты футболшы қос командадан алмасып алаңға кірді. Жарақат алып Финонченко 5 минут уақытты құртты. Негізгі уақыт осылайша үзіліске ұшырады. Біз есепті теңестіретін көптеген минуттардан айырылдық. Төреші небәрі екі-ақ минут қосты. Қанша дегенімен бұл финал ғой.
Дей тұрғанымен жеңімпаз анықталды. Кубоктың иегері – Шахтер болды. Енді олар келер жылы еуропа лигасында өнер көрсететін болады. Жеңімпаз команда кубокты елбасымыз бен УЕФА президенті Мишель Платинидің өз қолынан алды.
Ал ойын аяқталысымен баспасөз мәслихатында бас бапкер Виктор КумыкОв Еуропа лигасының қалған екі ойыны жайлы әңгіме қозғап, команданың топтық бәсекедегі жағдайын сараптады.
Виктор КУМЫКОВ «Шахтер» командасының бас бапкері
- Қазақстанның ішіндегі маусым аяқталғанымен бізде әлі екі ойын бар. Еуропа лигасындағы ойындарымызға дайындалуымыз керек. Футболшылар үш күн демалыс алғаннан соң біз қайтадан жаттығуларға көшеміз. Турнирлік кестедегі жағдайымызды жақсартуға күш саламыз.