Шахтердің табысы қалай болмақ?

11.11.2013, 06:22
Шахтердің табысы қалай болмақ?
УЕФА Еуропа лигасы еуропадағы Чемпиондар лигасынан кейінгі екінші турнир саналады. Еуропа лигасының атауы 2009/2010 жылғы маусымда ғана берілген, бұған дейін "Кубок Ярморк", "УЕФА Кубогі" деген атпен өткізіліп келген. Ал енді Еуропа лигасының тарихында қалған, ең қызықты нәтижелерге көз жүгіртейік. Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан әрбір клуб 640000 еуроға ие болады, ал топтық кезеңдегі әрбір кездесуі үшін 60000 еуро иеленсе, әрбір жеңіс үшін 140000 еуроға, әрбір тең ойын үшін 70000 еуроға ие болады. Ал плей-оф яғни 1/16 финалға шыққаны үшін 200000 еуро, 1/8 финалға шыққаны үшін 300000 еуро, ширек финалға шыққаны үшін 400000 еуро, жартылай финалға шыққаны үшін 700000 еуро, ақтық сынға шыққаны үшін 2000000 еуро, жеңімпазға 3000000 еуро беріледі. - Еуропа лигасында ең көп гол соққан ойыншылар: 1.Хенрик Ларссон(Швеция)- 40 гол соққан. 2.Юрген Клинсман(Германия)-29. 3.Радамель Фалькао(Колумбия)-29. 4.Шота Арваладзе(Грузия)-27. 5.Алесандро Альтобелли(Италия)-25.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×