Кунг-фу әдісіндегі гол және «Каннан» камбэк (Видео)

15.02.2015, 19:07
Кунг-фу әдісіндегі гол және «Каннан» камбэк (Видео)
Франциялық Бірінші лигада «ПСЖ» клубы өз алаңында «Кан» командасын қабылдады. Кездесудің есте қалар сәті 2-ші минутта орын алды. Швециялық шабуылшы Зланат Ибрагимович қонақтар қақпасына кунг-фу әдісінде гол соқты. Бірақ матчтың еі әсерлі де драмалық шиеленісі кездесудің соңғы жағында орын алды. Алғашқы таймда-ақ жауапсыз қос гол соға алған париждіктер үш ұпайды еншілеп қойғандай көрінген. Алайда 89-шы минутта қонақтар Эмилиано Саланың көмегімен есеп айырмасын қысқартып тастады. Ал төреші қосқан үшінші қосымша минутта Эрве Базиль таразы басын теңестіріп кетті. Бұл матчтан кейін «ПСЖ» 49 ұпаймен үшінші орында қалды, ал «Кан» 28 ұпаймен 15-ші сатыны қанағат тұтып тұр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×