Құрамамыздың үш ойыншысы жарақат алды

15.02.2015, 18:56
Құрамамыздың үш ойыншысы жарақат алды
Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияда Молдоваға қарсы жолдастық кездесуге дайындығын жалғастыруда. Өкінішке қарай, аталмыш матчта командамызға үш ойыншы қол ұшын тигізе алмайды. «Ақтөбенің» жаңа қорғаушысы Виктор Дмитриенко, «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Станислав Лунин және «Астананың» шабуылшысы Таңат Нөсербаев жарақат алып қалуына байланысты Молдова құрамасына қарсы матчта көрермендер арасында тамашалайды. Ал матчтың өзі 18 ақпанда Астана уақытымен 22:00-де басталатынын естеріңізге сала кетейік. Кездесуді «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×