Күннің ыстықтығы кеншілерге кедергі емес

07.08.2013, 02:11
Күннің ыстықтығы кеншілерге кедергі емес

Қарағандылық «Шахтер» командасы осы күндері Албания астанасы Тиранада кезекті ойынына дайындалуда. Чемпиондар лигасының 3-іріктеу сыны аясында олар жергілікті Скендербеу командасымен күш сынаспақ. Осыған байланысты ойын алдында футболшылар кездесу өтетін осы стадионда жаттығу жұмыстарын жүргізді. Жасыл алаңы мен жалпы жағдайы аса мәз емес келетін Кемал Стафа атындағы стадионды бас бапкер Кумыков өте нашар деп бағалады. Жаттығу аяқталысымен баспасөз өкілдеріне сұқбат берген Виктор Кумыков ең алдымен қарсыласты менсінбеу деген дүниенің жоқ екендігін жеткізді.

Виктор КУМЫКОВ

Команда алғашқы кездесуді жеңгеннен соң бірден босаңсымау жайында жұмыстар жүргіздік. Футболшылар барлық жағдайды түсінді. Осының алдында тура осындай жағдайда тұрып келесі кезеңге өте алмаған ұжымдарды мысалға да келтірдік. Ендігі басты мәселе күннің ыстықтығына шыдас беру.

Сондай-ақ, бас бапкердің ойынша команда топтық деңгейге өте алады деп есептейді. Егер осы айналымды өте алсақ, топтық бәсекеде мұнан да мықты футбол көрсетуге мүмкіндік болады дейді өз сөзінде Вмиктор Кумыков.

Виктор КУМЫКОВ

Мұндай іріктеу сынында бір қате жасап жарыстан шығып қалуға болады. Бірақ, кішкене жыдамдылық танытып, топтық бәсекеге өтсек командаға кішкене жеңілірек болар еді. Мақсатты орындаған соң үстімізден ауыр жүк те түспек.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Бірінші кезең аяқталды
Келесі жаңалық
Каньясқа сенім артылмақ
Серіктес жаңалықтары
×