"Интер" футболшысы Лаутаро Мартинеспен келіссөздер жүргізген "Барселона" енді клубпен келісімге келе алмай отыр. "Интер" басшылығы "Барсадан" 111 миллион еуро сұрап отыр. Ал "Барсада" әзірге ондай ақша жоқ. Оның үстіне қазір Мартинесті сатып алғысы келетін тағы екі клуб пайда болып отыр. Олар МЮ мен "Реал". Екеуі таласқа түссе онда, "Интер" аукциондағыдай кім көп береді соған сатуы ықтимал. Бірақ, Мартинестің өзі Мессимен бірге ойнағысы келетінін айтты. 22 жасар Аргентина құрамасының ойыншысы отандасының қасына барғысы келетінін ұялмай айтты.
Біздің серіктес: FONBET