"Лестер Сити" командасының бас бапкері Клаудио Раньери қызметінен босатылды. Бұл ақпарат клубтың ресми парақшасында жарияланды. Клаудио 2015-жылдың шілде айынан бастап аталған команданың бапкерлік қызметіне тағайындалды. 133 жыл тариxы бар "Лестермен" бірге 2016-жылы ағылшын премьер лигасының чемпионы атанды. Ағылшын футболындағы үлкен сенсация. Дәл осы жетістігінің арқасында италиялық маман клуб тариxындағы ең үздік бапкер атанды. Раньеридің клубтан кетуінің бірден бір себебі "Лестердің" қазіргі кездегі ішкі чемпионаттарында сәтсіз өнер көрсетуі. 6 ойын қатарынан гол соқпауы. Алдағы уақытта қауіпті аймаққа түсіп қалу қаупі бар.
Қазіргі таңда клуб басшылары командаға жаңа бапкер іздестіруде.
Ерік Ерсін