Лев тізімді таныстырды

24.03.2011, 20:00
Лев тізімді таныстырды

Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лёв 26-наурызда Кайзерслаутернде өтетін Қазақстанға қарсы матчқа 23 ойыншыны шақырды, алайда, «Байер»-дің (Леверкузен) кипері Рене Адлер зақымына байланысты командасына жәрдемі тимейтін болды. Германия-Италия құрамалары матчына шақырылмаған ойыншылар - Андре Шюррле, Марио Гомес, Тони Крос және Тим Визе командаға қайта оралды. Германия құрамасының тізімі: Қақпашылар: Мануэль Нойер («Шальке 04» Гельзенкирхен), Тим Визе («Вердер» Бремен) Қорғаушылар: Арне Фридрих («Вольфсбург»), Деннис Аого («Гамбург»), Хольгер Бадштубер («Бавария» Мюнхен), Филипп Лам («Бавария» Мюнхен), Джером Боатенг («Манчестер Сити», Англия), Матс Хуммельс («Боруссия» Дортмунд), Пер Мертезакер («Вердер» Бремен), Марсель Шмелзер («Боруссия» Дортмунд) Жартылай қорғаушылар: Марио Гётце («Боруссия» Дортмунд), Свен Бендер («Боруссия» Дортмунд), Месут Озил («Реал» Мадрид, Испания), Сами Хедира («Реал» Мадрид, Испания), Бастиан Швайнштайгер («Бавария» Мюнхен), Кристиан Трэш («Штутгарт»), Тони Крос («Бавария» Мюнхен), Андрэ Шюррле («Майнц 05») Шабуылшылар: Марио Гомес, Мирослав Клозе, Томас Мюллер («Бавария» Мюнхен), Лукаш Подольски («Кёльн») Германия-Қазақстан матчының бас төрешісі македониялық рефери Александр Ставрев болатынын да атап өтелік. Ставревтің ассистенттері болып Любомир Крстевски және Марьян Кировски бекітілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
"Тобыл.ТВ" YouTube-та
Серіктес жаңалықтары
×