"Тобыл.ТВ" YouTube-та

24.03.2011, 14:59
"Тобыл.ТВ" YouTube-та

"Тобыл" футбол клубы өз сайтынан видео-контент шекарасын кеңейте түсуде. Бірнеше күн бұрын халықаралық YouTube сервисінде «Тобыл.ТВ» арнасы іске қосылды. Клуб сайтын қолданушылардың тілегі бойынша «Тобылдың» пресс-қызметі бүкіләлемдік сервисте қостанайлық команданың матчтарының видео-түсірімдерін жоғары сапада көрсететін арнайы аккаунт ашты. YouTube-та «Тобыл.ТВ» ашылуы клуб арнасының әлемдік тордағы қызметінің алғышарты болды. Соңы да бұл емес. Арнаның жеке интернет мүмкіндігін туғызу да, қалалық кабельді желілердің бірінен «Тобыл» футбол клубының матчтарының жазбасын көрсету де алдағы жоспарлардың еншісінде. Клубдың өз телевизиясы жөніндегі идея Европа үшін таңсық дүние емес. Көптеген ірі клубтардың жекеменшік телеарналары бар, оларды кабельді және спутникті желілерден таратады, жарнамадан айтарлықтай қаржы түсіреді. Жобаның алғышарты Донецк-нің «Шахтерінің» осыған ұқсас сервисі болды. "Тобылдың" бұл енгізген жаңалығы батыстық прототипіне мүле ұқсамайды, дегенмен бұл шаруаның басты мақсаты – қазақстандық футболдық видео-контентті жаңа деңгейге шығару. «Тобыл.ТВ»-ның ізімен «Ақтөбе», «Локомотив», «Ертіс» және басқа да клубтардың видео-арналары жарық көреді деп үміттенеміз. Әңгімен бірден бір қауым журналистері, операторлары мен режиссерлері бар толыққанды арна құру турасында болмаса да, сондай идеяға ұмтылу керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×