Әли Әлиев Солтүстік Македониямен болатын матч туралы: тиімді нәтиже үшін тегеурінді қарсылық танытамыз...

02.06.2025, 10:53

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев ӘЧ-2026 іріктеуінің аясындағы Солтүстік Македонияға қарсы өтетін ойын туралы пікірін айтты.

Әли Әлиев Солтүстік Македониямен болатын матч туралы: тиімді нәтиже үшін тегеурінді қарсылық танытамыз...
Әли Әлиев

«Македонияның қаншалықты мықты екенін бәрі біледі – оның рейтингі, футболшыларының сапасы мен жалпы құрамы. Бірақ біз жүйелі, ретті ойнасақ, оның үстіне өз алаңымыздың қолдауы бар, бұған тағы Македонияның бельгияға қарсы кездесуін ескерейік, бұл да өз әсерін тигізуі ықтимал. 9-маусымда біз өзіміздің ең күшті бабымызға келуіміз керек, қазіргі ең басты дүние осы. Футболшыларымыз өздерін қолайлы сезінетін ортақ бір жағдайға келуіміз қажет. Бізге тиімді болатын нәтижеге қол жеткізу үшін тегеурінді қарсылық танытамыз», - деді қазақстандық маман.

Ұлттық команда маусымның тоғызында Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады. Әли Әлиевтің командасы іріктеу компаниясының 3 турынан кейін үш ұпаймен үшінші орынға жайғасқан. J тобының көшін Солтүстік Македония мен Уэльс құрамалары бастап тұр (екеуінде де 4 ұпайдан).  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×