«Лион» ирандық шабуылшыны қатарға қоспақ

12.12.2021, 17:16
Шабуылшының ресейлік клубпен келісім-шарты алдағы жазда аяқталады.
«Лион» ирандық шабуылшыны қатарға қоспақ

«Зенит» шабуылшысы Сердар Азмун «Лионға» ауысуға жақын.

L'Equipe басылымының хабарлауынша, ирандық футболшы франциялық клубпен 2026 жылдың жазына дейін келісім-шарт түзеді. «Лион» Азмунды қаңтарда алғысы келеді және ресейлік клубқа 3 миллион еуро ұсынбақшы.

«Лион» Азмунды қысқы трансферлік терезеде сатып алу үшін бар күшін салады, өйткені команданың көптеген шабуылшылары Африка Ұлттар кубогіне қатысу біраз уақытқа өз құрамаларына аттанады.

Естеріңізге сала кетейік, Азмунның «Зенитпен» келісім-шарты алдағы жазда аяқталады. Ирандық шабуылшы осы маусымда РПЛ-да 15 матч өткізіп, 7 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Сондай-ақ Чемпиондар лигасында 5 ойынға қатысып, 2 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×