Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанмен болатын ойынға арналған құрамы жарияланды

12.12.2021, 17:04
Рикардо Кака шәкірттері 14 және 15 желтоқсан күндері екі матч өткізеді.
Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанмен болатын ойынға арналған құрамы жарияланды

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 14-15 желтоқсан күндері Өзбекстанмен өтетін жолдастық ойынға шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады. 

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Дуглас (барлығы  – «Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб («Динамо Самара», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Жомарт Тоқаев, Болат Сарбасов (екеуі де - «Атырау»), Ерсұлтан Сағындықов («Бәйтерек»), Ринат Төреғазин («Аят»,) Ғазиз Нағашыбай («Рахмет»);

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Луиз Энрике Де Соуза Карриольо Круз – дене даярлығы жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт.

Ойын кестесі:

14 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Нұр-Сұлтан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы - 19:00.

15 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Нұр-Сұлтан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы - 19:00.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×