Юлиан Нагельсманн Бундеслига рекордын орнатты

12.12.2021, 15:37
Юлиан жас болса да ең білікті бапкерлердің бірі болып саналады.
Юлиан Нагельсманн Бундеслига рекордын орнатты

«Бавария» Бундеслиганың 15-ші турында «Майнцты» ұтты. Кездесу Мюнхендегі «Альянц-Арена» стадионында өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Мюнхендік команданың бас бапкері Юлиан Нагельсман үшін бұл Германия чемпионатындағы 100-ші жеңіс болды. Осылайша ол осы межеге жеткен Бундеслигадағы ең жас тәлімгер (34 жас 141 күн) атанды. Нагельсманн бұл көрсеткіш бойынша Эрик Риббектің (38 жас 147 күн) рекордын жаңартты, деп жазады Opta порталы.

Естеріңізге сала кетейік, Нагельсманн «Баварияның» тізгінін осы маусымның басында ұстаған болатын. Ал оған дейін «Хоффенхайм» мен «РБ Лейпцигті» жаттықтырған.

Қазір «Бавария» 37 ұпаймен Бундеслигада көш бастап тұр. «Боруссия» 31 ұпаймен екінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×