Самуэль Это'О Камерун футбол федерациясының президенті болып тағайындалды

12.12.2021, 04:14
Экс-футболшы 43 пайыз дауысқа ие болды.
Самуэль Это'О Камерун футбол федерациясының президенті болып тағайындалды

«Барселона», «Интер» және «Челсидің» бұрынғы шабуылшысы Самуэль Это'О Камерун футбол федерациясының президенті болып тағайындалды.

40 жастағы экс-футболшы сайлау нәтижесі бойынша 43 пайыз дауысқа ие болып, қазіргі президент Сейду Мбомбуо Нджойды (31 пайыз) артқа тастады.

«Мен бүгінгі күнді өмірімдегі ең керемет сәттердің бірі ретінде есіме алатын боламын. Камерун футбол федерациясының жаңа президенті болып сайланғаныма шексіз ризамын. Әрбір дауыс біздің футбол жанұясының сүйікті спортын бұрын-соңды көрмеген деңгейге көтеруге деген жігері мен амбициясын білдіреді. Жұмысқа кірісейік», - деді экс-футболшы өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Самуэль Это'О кәсіби мансабын 2019 жылы аяқтады. Камерундық шабуылшы «Реал Мадрид», «Мальорка», «Барселона», «Интер», «Анжи», «Челси», «Эвертон», «Сампдория», «Антальяспор», «Коньяспор» клубтарында ойнап, Үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды, үш мәрте Испания чемпионы атанды және бір рет А сериясында топ жарды.

Это'О төрт рет Африкада жылдың үздік футболшысы атанған. Ол сондай-ақ Камерун құрамасы үшін 118 ойында 56 гол соғып, тарихқа өз елінің үздік сұрмергені ретінде енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×