«SD Family» ресейлік видеоблогерлердің командасынан жеңіліп қалды

12.12.2021, 03:07
Қазақстандық клуб сапында да біршама блогерлер өнер көрсетті.
«SD Family» ресейлік видеоблогерлердің командасынан жеңіліп қалды

Қазақстандық «SD Family» клубы жолдастық кездесуде ресейлік «Амкалдан» жеңіліп қалды. «Астана Аренада» өткен кездесу 1:3 есебімен аяқталды.

Алаң иелері сапында Дидар Сыдықбек гол соқса, бұған жауап ретінде Виктор Блатов хет-трик жасады. 

SD Family - «Ақтөбенің» бұрынғы футболшысы Дидар Сыдықбекке тиесілі Қазақстандағы алғашқы жекеменшік футбол клубы. Команда Екінші лигада өнер көрсетеді. Бұл матчта SD Family сапында танымал БАҚ өкілдері: Самат Смақов, Алдияр Жапарханов (ИК тобы), Артур Асқарұлы (Youframe), Темірхан Асылбек (Тerritima), Ерболат Жаңабылов және Сайлаубек Ерғазы (sailandro) өнер көрсетті.

«Амкал» — белгілі видеоблогерлерден құралған ТМД-дағы ең танымал әуесқой футбол клубы. Олардың ішіндегі ең танымалы – клубтың негізін қалаушы Герман Попков (German El Classico).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×