Карим Адейеми мансабын Германияда жалғастырады

11.12.2021, 22:35
Жазда Холанд кетсе, Карим норвегиялықтың орнын басуы мүмкін.
Карим Адейеми мансабын Германияда жалғастырады

«Ред Булл Зальцбург» клубының шабуылшысы Карим Адейеми дортмундтық «Боруссияға» ауысады, деп хабарлайды Bild басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, 19 жастағы шабуылшы бұл ауысымға өз келісімін берді, ол жазда дортмундтық клубпен 5 жылдық келісім-шартқа отырмақ. «Боруссия» «Зальцбургке» шабуылшы үшін 35 миллион еуро төлеуге дайын, бірақ австриялық клуб 40 миллион еуро талап етуде.

Бұған дейін «Барселонаның» шабуылшы үшін 40 миллион еуро ұсынғаны хабарланған болатын. Адейемидің «Зальцбургпен» келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×