Лионель Месси алдағы матчқа қатыспайды

25.09.2021, 00:36
Аргентиналық шабуылшы ПСЖ үшін мүмкін болған он матчтың небәрі үшеуіне ғана қатысты.
Лионель Месси алдағы матчқа қатыспайды

ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси Франция чемпионатының 8-турында "Монпельеге" қарсы өтетін ойынға қатыспайды.

Тізесін жарақаттап алған 34 жастағы аргентиналық ойыншы енді ғана жүгіру жаттығуларын бастады, деп хабарлайды ПСЖ клубының ресми сайты. Леоны жалпы топқа қайтару туралы шешім жексенбіге жоспарланған медициналық тексерістен кейін қабылданады.

Осылайша, Месси қатарынан екі матчты жіберіп алады - бұған дейін футболшы жарақатына байланысты Франция чемпионатының 7-ші турында "Метц" клубымен өткен ойынға қатыспады. Аргентиналық шабуылшы ПСЖ үшін мүмкін болған он матчтың небәрі үшеуіне ғана қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×