"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси каталондық клубпен келісім-шартын ұзартпақ. Аргентиналық футболшы жаңа келісім-шарт бойынша жылына 60 миллион еуро алады, деп хабарлайды Sport.es.
Мәмілеге сәйкес Месси "Барселонада" екі маусым ойнайтын болады. Осыдан кейін аргентиналық екі жыл бойы MLS-те каталондық клубтың елшісі ретінде - Дэвид Бекхэмге тиесілі "Интер Майамиде" өнер көрсетеді.
Месси келісім-шарттың соңғы алты жылын қайтадан "Барселонада" өткізеді, сол жерде белгілі бір лауазымда қызмет атқарады. Бұған дейін "Барселонаның" Мессиге он жылдық келісім-шарт ұсынғаны белгілі болған еді.
Еске салайық, Мессидің "Барселонамен" келісім-шарты 2021 жылы 30 маусымда аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET