«Ливерпуль» Англия чемпионы!

26.06.2020, 08:14
«Челси» - «Манчестер Сити» арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

Фрэнк Лэмпардтың командасы "Стэмфорд Бриджде" Пеп Гуардиоланың командасын 2:1 есебімен жеңді. Бірінші таймда Кристиан Пулишич жеке дара озып шығып, әдемі гол салды. Екінші таймда Кевин Де Брюйне айып добын ғаламат орындап, таразы басын теңестірді. Алайда қарымта шабуылда өткір ойнаған "Челси" гол соғатын мүмкіндік жасады. Бірақ, қорғаушы Фернандиньо допты қолымен қайтарып, қызыл қағаз алды. Төреші пенальти белгілеп еді, оны Виллиан голға айналдырды. Қалған 10 минутта "Манчестер Сити" ештеңе істей алмады. "Ливерпуль" "Манчестер Ситиден" 23 ұпайға озып кетті. Сонымен, "қызылдар" АПЛдың чемпиона атанды. Соңғы рет олар осыдан 30 жыл бұрын, 1990 жылы чемпион атанған болатын.

Айтпақшы, Англия премьер-лигасының келесі турында "Ливерпуль" дәл осы "Манчестер Ситимен" кездеседі. Ол матч 2 шілде күні "Эттихад" стадионында өтеді.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×