«Ливерпуль» маусымды Джеррардсыз бастайды

26.07.2011, 20:13
«Ливерпуль» маусымды Джеррардсыз бастайды
Ағылшынның «Ливерпуль» клубының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Стивен Джеррард ерте көктемде алған жарақатынан әлі толыққанды айыққан жоқ. Сол себептен биылғы маусымның алғашқы екі айында командасына көмектесе алмайды. Сонымен қатар ұлттық құраманың Голландиямен болатын жолдастық кездесуі мен Еуропа чемпионатының іріктеу барысындағы Уельспен өтетін ойынға да қатыса алмайтыны белгілі болды. «Ливерпул» биылғы маусымда қатарларын Чарли Адам, Джордан Хендерсон және италяндық «Ювентус» сапында жалда болған Альберто Аквиланимен күшейтті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×