"Ливерпуль" Жозе Моуриньоны отставкаға жіберуі мүмкін

01.11.2015, 02:05
"Ливерпуль" Жозе Моуриньоны отставкаға жіберуі мүмкін
Юрген Клооп АПЛ-дағы бірінші жеңісіне қол жеткізді Ағылшын Премьер-Лигасының 11-ші турының орталық кездесуінде "Челси" өз алаңында Ливерпульді қабылдап 1:3 есебімен есе жіберді. Матчтың алғашқы шабуылында есепті Рамирес ашса, төрешінің бірінші таймға қосқан қосымша уақытында Коутиньо есепті теңестіріп кетті. Екінші таймның орта тұсында Клооп жартылайқорғаушы Милнердің орнына шабуылшы Бентекені шығарды. Бапкердің осы бір ойыншы алмастыруы қонақтар үшін жеңіс әкелді. Бельгиялық шабуылшы әуелі, Коутиньо соққан жеңісті голдың пасын шығарып берсе, ұзақ уақыт өтпей өзі де мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп 1:3! Юрген Клооп Ағылшын Премьер-Лигасында тұңғыш рет жеңіске жетіп отыр. Осыған дейін "қызылдар" Клопптың баптауымен чемпионат екі мәрте тең түскен еді. Ал, Жозе Моуриньо үшін бұл "Челси "бапкері ретіндегі соңғы ойын болуы мүмкін. Себебі, ойын алдында белді БАҚ-дары Жозенің Лондондағы тағдыры осы матчтың нәтижесіне байланысты деп жарыса жазған еді. АПЛ. 11-ші тур "Челси"-"Ливерпуль" 1:3(1:1) Голдар: Рамирес, 4(1:0). Коутиньо, 45+3(1:1). Коутиньо, 74(1:2). Бентеке, 83(1:3)    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×