«Ливерпульдің» жапониялық ойыншысы мансабын Францияда жалғастырады

22.06.2022, 09:59
Мерсисайдтық клуб футболшы үшін 18 миллион еуро алады.
«Ливерпульдің» жапониялық ойыншысы мансабын Францияда жалғастырады

«Ливерпульдің» шабуылшысы Такуми Минамино мансабын «Монакода» жалғастырады, деп хабарлайды Sky Sports порталы.

Дереккөздің ақпаратына сенсек, франциялық клуб «Ливерпульмен» жапониялық шабуылшының трансферіне қатысты нақты мәмілеге келген. «Монако» Минамино үшін 18 миллион еуро төлейді. Шабуылшы жаңа командасымен бес жылдық келісім-шартқа отырады.

Еске салайық, Минамино «Ливерпульге» 2020 жылы қосылған еді. 27 жастағы шабуылшы Ағылшын Премьер-лигасының өткен маусымында 11 ойынға қатысып, 2015 жылдан бері Такуми Жапония құрамасына шақыртылып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×