«Ньюкасл Юнайтед» Англия құрамасының қақпашысын сатып алмақ

22.06.2022, 03:34
Бұл қақпашының командасы Чемпионшипке түсіп қалды.
«Ньюкасл Юнайтед» Англия құрамасының қақпашысын сатып алмақ

«Ньюкасл Юнайтед» «Бёрнлимен» қақпашы Ник Поуптың трансфері бойынша нақты мәмілеге келді, деп хабарлайды журналист Дэвид Орнштейн.

Өткен аптада Поупқа «Ньюкаслдың» бас бапкері Эдди Хаудың қызығушылық танытқаны хабарланған болатын. 44 жастағы маман келесі маусымда англиялық қақпашыға сенім артпақ. Өйткені Мартин Дубравка өткен маусымда «Ньюкаслдың» негізгі қақпашысы бола алмады.

Ник Поуп Англия құрамасы сапында сегіз кездесу өткізіп, бір гол жіберіп алды. Ол өткен маусымда «Бёрнли» үшін 36 матч өткізіп, тоғызында қақпасын голдан аман сақтаған. Transfermarkt қақпашыны 15 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×