Италияның серия «В»-да ойнайтын команда «Ливорноның» жартылай қорғаушысы Пьермарио Морозини дүниеден өтті. Оқиға өз алаңында «Пескара» командасымен өтіп жатқан ойынның 31 минутында орын алған. 25 жасар футболшыны аман алып қалу дәрігерлердің қолынан келмеді. 14-15 сәуірдегі серия « А» «В»-ның өткелі отырған тур ойындары кейінге шегерілді. Кеше өткен Еуропадағы бірнеше матчтар осы ойыншыны еске алып, бірер минуттық үнсіздікпен басталды.
Өз алаңында «Пескараны» 35 тур аясында қабылдап жатқан команда күтпеген жағдайға тап болды. Жартылай қорғаушы Морозини алаңда ессіз күйде жатты. Дәрігерлер жанталасып бағып, ауруханаға жөнелтілді. Алайда спортшы жолда дүниеден озып кетті. Кейбір журналистер «егер жедел жәрдем жылдам келгенде аман алып қалуға болар еді»-дейді. Дәрігерлер әзірге «жүрек талмасынан дүние салған» деп мәлімдеуде. Ал анық-қанығы алдыңғы аптада мәлім болмақ. Пьермарио Морозини 1986 жылы 5шілде де Бергамо қаласында дүниеге келген. 2001 жылы спортшының анасы өмірден өтсе, араға 2 жыл салып әкесі де өмірден қайтқан екен. Футболшыға ауыр соққаны да анық. 2002 жылы ағасы да өз-өзіне қол жұмсаған екен. Морозини алғашқы ойынын «Аталанта» жастар құрамында ойнаудан бастаған екен. Одан кейін Италияның бірнеше клубтарының сапында да өнер көрсеткен ойыншы. Италия жастар құрамасында да негізгі ойыншылардың қатарында көптеген матчтарға қатысыпты. 31 қаңтардан бастап «Ливорно» жейдесінде 8 ойынын ғана өткізген екен.Біздің серіктес: FONBET