Луи ван Гаал Ибрагимовичті шақырмақ

02.11.2015, 20:45
Луи ван Гаал Ибрагимовичті шақырмақ
Швед шабуылшысы өз күшін АПЛ-да сынап көруі мүмкін Белді The Telegraph басылымының жазуынша "Манчестер Юнайтед" "ПСЖ"-ға тиімді ұсыныс жасағалы отыр. 34 жасар шабуылшы үшін қызыл сойқандар басшылығы 57 миллион еуросын қиюға дайын. Нидерландық бапкер Златанмен жеке кездесіп, келісімшарт мәселесін өзі талқыламақ. Еске сала кетсек, Ибрагимович пен "ПСЖ" арасындағы келісімшарт 2016-шы жылдың жазында өз күшін жояды.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×