Луи ван Гал: «Ди Мария «МЮ-де» қалады деп ойлаймын»

02.05.2015, 18:19
Луи ван Гал: «Ди Мария «МЮ-де» қалады деп ойлаймын»
«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Луи Ван Гал маусым аяқталған соң аргентиналық ойыншы Ахнель Ди Марияның командадан кетпейтініне үмітті. «Маусымды керемет өткізді деп өзі айта алмайды. Шешімді ол ғана шығармайды, онымен келісім-шартымыз болғандықтан, әр ойыншымен жағдайды шешіп алғанымыз дұрыс. Ди Мария командада қалады деп ойлаймын, ол еңбекқор. Оның өз ісіне қалай қарайтынына көңілім толады, бұл тұста ешқандай мәселе жоқ», - деді «қызыл сойқандардың» бапкері. Анхель ди Мария осы маусымда Англия чемпионатында 25 матч өткізіп, үш гол және 10 нәтижелі паспен көзге түсті.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×