Луис Суарес Англияға қайта оралмақ

27.05.2022, 20:36
35 жастағы шабуылшы еркін агент атанды.
Луис Суарес Англияға қайта оралмақ

«Астон Вилла» маусым айынның соңында «Атлетико Мадридпен» келісім-шарты аяқталатын уругвайлық шабуылшы Луис Суареске көз тікті.

Журналист Экрем Конурдың хабарлауынша, бирмингемдік клуб Суареске екі жылдық келісім-шарт ұсынған.

2011 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың шілдесіне дейін «Ливерпуль» сапында ойнаған 35 жастағы шабуылшы Ағылшын Премьер-Лигасына оралып, бұрынғы серіктестері Филиппе Коутиньо және Стивен Джеррардпен қайта қосылуы мүмкін.

Суарес 2020 жылдың жазынан бері «Атлетико Мадрид» сапында доп тепті. Содан бері шабуылшы 83 ойында 34 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Бұған дейін Суарес «Барселона», «Аякс», «Гронинген» және «Насьонал» клубтарында өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×