Луис Суарес «Аяксқа» қайта оралуы мүмкін

24.06.2022, 15:46
Амстердамдық клуб Аллердің орнын басатын шабуылшы іздеуде.
Луис Суарес «Аяксқа» қайта оралуы мүмкін

Еркін агент атанған уругвайлық шабуылшы Луис Суарес «Аяксқа» оралуы мүмкін. Голландиялық клуб шабуылшы Себастьян Аллерді «Боруссия Дортмундқа» сатқаннан кейін «Атлетико Мадридтің» бұрынғы ойыншысын сатып алу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы журналист Экрем Конур хабарлады.

Суарес «Аякс» сапында 2007-2011 жылдар аралығында ойнаған. Уругвайлық форвард амстердамдық команда үшін 159 матчта 111 гол соғып, 68 нәтижелі пас берді.

2011 жылдың қаңтарында Суарес «Ливерпульге» ауысты, ал 3,5 жылдан кейін ол «Барселона» ойыншысы атанып, 2019/2020 жылғы маусымның соңына дейін каталониялық клубтың намысын қорғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×