Босния және Герцеговина құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Менало Әлем чемпионатының ріктеу кезеңі аясындағы Қазақстанға қарсы өтетін ойын туралы пікір білдірді:
- Бізде визаға байланысты көптеген мәселелер болды, бірақ ештеңені өзгерте алмаймыз, сондықтан жұмыс істеп, Қазақстанмен өтетін кездесуге дайындалуымыз керек. Ұзақ жолдан шаршағандар бар және уақыт белдеуінің өзгеруі де өз әсерін тигізді, дегенмен бейімделуге уақыт жеткілікті. Қазақстан — ыңғайсыз команда. Біз олармен жақында ғана ойнадық және оларды жақсы білеміз. Олардың күшті және әлсіз жақтарын білеміз. Біз матчқа дайын боламыз және жеңіске жетеміз деп үміттенемін. Мен оларға қарсы матчта тағы да көзге түсуге қарсы болмас едім.
Біздің серіктес: FONBET