Майкл Эссьен "Миланға" ауысты

30.01.2014, 01:40
Майкл Эссьен "Миланға" ауысты

Ганалық футболшы Майкл Эссьен италиялық «Милан» клубының ойыншысы болып ресми түрде хабарланды. «Миланның» Туиттердегі ресми микроблогында ««Миланға» қош келдің, Майкл Эссьен» деген жазба пайда болды. Осылайша, 31 жасар футболшы «Милан» клубында 2015 жылдың 20 маусымына дейін ойнайтын болды. Айта кетейік, Эссьеннің «Милан» командасындағы ресми таныстырылымы ертең, Астана уақытымен сағат 18:00-де өтеді деп күтіліп отыр. Майкл Эссьен италиялық ұжымға лондондық «Челсиден» ауысып келген болатын. Ол «ақсүйектер» қатарында 2005 жылдан бері тер төгіп келді. Ал ағылшын премьер-лигасына Эссьен француздардың «Лионынан» қоныс аударған еді. Ганалық ойыншы «Челсиде» жалпы саны 256 матчқа қатысса, 2002 жылдан бері Гана құрамасында ойнап келе жатқан ол отандық командасының сапында 56 матчқа қатысып, 9 рет мергендігімен танылды.  Дайындаған: Болат Қосмағамбет массагет.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×