Максим Федин «Тұранға» ауысты

21.01.2022, 02:18
Түркістандық клуб құрамын айтарлықтай күшейтуде
Максим Федин «Тұранға» ауысты

Түркістандық «Тұран» Қазақстан құрамасының 25 жастағы шабуылшысы Максим Фединмен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Өткен маусымда Федин «Ақтөбе» сапында 30 кездесу өткізіп, 4 гол соққан. Ол ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2018 жылы 14 қазанда Ұлттар лигасында Латвия құрамасына қарсы өткізді.

Бұған дейін Максим «Бәйтерек», сербиялық «Спартак», «Атырау», «Оқжетпес», «Тобыл», «Қайсар», «Ақтөбе» командаларында өнер көрсеткен.

Мансабында бас-аяғы 162 матч өткізіп, 18 гол мен 20 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×