Малик Мане: «Қазақстан біріншілігінің деңгейі сенегал біріншілігінен жоғары»

13.08.2011, 05:59
Малик Мане: «Қазақстан біріншілігінің деңгейі сенегал біріншілігінен жоғары»
Шілде айының ең үздік ойыншысы 22 жасар «Ақтөбе» клубының шабуылшысы - Малик Мане болып тағайындалды. — Малик, сізді барлық футболшылар және бапкерлер шілде айының үздік ойыншысы деп таныды? — (күлді) Ол шындық? Мен бұл үшін өте қуаныштымын! — Өткен ай қандай оқиғамен есіңізде қалды? — Шілде айында біз жақсы ойын-өрнегін көрсеттік. Ең есте қаларлығы «Ертіспен» болған ойын. Біздің команда аталмыш ойында 7:2 есебімен қарсыласты ойсұрата ұтты. — Сіз шілде айының үздік ойыншысы деп кімді есептисіз? — Әрине, мен! (күліп алды). — Сіз биыл алғашқы рет еурокубокқа қатыстыңыз. Алған әсеріңізбен бөліссеңіз. — Мен «Актөбе» сапында бірінші мәрте Еуропа лигасына қатысқаныма өте қуаныштымын. —Қазақстан Премьер-Лигасына қандай баға бересіз? Сенегал және Норвегия біріншіліктерімен салыстыра кетсеңіз. — Норвегия біріншілігі Қазақстандікінен кішкене жоғары. Себебі онда барлық командалардың дәрежелері бірдей болғандықтан лиганың басынан аяғына дейін тартысты болады.  Ал бізде жеңімпаздыққа бірнеше команда ғана таласады.  Ал, Сенегал лигасынан Қазақстан біріншілігі дәрежесі жоғары екенін сенімді айта алам. Думан Балықбаев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×