Ағылшын клубы испандық маманға толықтай сенім артуда. Goal.com басылымының жазуынша "Манчестер Сити" Пеп Гвардиолаға жаңартылған келісім-шарт ұсынбақшы. Мерзім ұзартылуымен қатар, Пептің жалақысы да артпақ. "Барселона" мен "Баварияның" бұрынғы жаттықтырушысы ағылшындық команданың тізгінін өткен жазда ұстаған еді. Гвардиоланың баптауымен бүгінде "Манчестер Сити" АПЛ-дың бесінші сатысында тұрақтап тұр.