Ертең Алматы уақытымен 19:30-да Англия премьер-лигасындағы басты кездесу ойналады. Әлемдегі ең әлеуетті екі ұжымның арасындағы ойынға пікір білдірушілер де жеткілікті. Солардың бір қатарын сайт бетіне шығаруды жөн санадық. Әр клубтың фанаттары айтып өткен пікірлерге қарап, өз ойыңызды қорытып бәс тіксеңіз де болады. Ең бастысы, букмекерлік кеңселерге қарсы ойнауымыз керек. Көптеген қазақ жігіттерінің кеткен қарымын қайтаруды көздегендіктен, барынша дұрыс болжамдар ұсынуды жөн санаймыз.
Ертеңгі болатын Манчестердеги дербиде қос команда да аянып қалмас. Ағылшын премьер-лигасында бірінші және екінші орындарды бөлісіп тұрған қалалықтар мен қызыл сойқандардың ойыны тартысты болары хақ. «Сити» жеңсе Фергюсон шәкірттерімен ұпайлары теңеседі. Күні кеше ғана Чемпиондар лигасымен қош айтысқан «Манчестер Сити» ойыншылары ертеңгі ойында жеңіске жетуге тырысып, онсыз да қабақтарынан қар жауған шейх қожайындарын қуантуға ұмтылады. Ойын нәтижесі 1-0 «Сити» жеңеді деп ойлаймын.
Нұршат ТӨКЕН, "МС" фанаты:Бұл ойын тек қана таза ақсүйектердің тамашалайтын ойыны болмақ. Өткендегі "Тоттенхэммен" болған ойынынан-ақ олардың оңай шағылар жаңғақ еместігі мәлім болды. "МЮ" мен болар ойын тартысты өтері даусыз. Бұл түн қара маржан Балотеллидың "М Ситидің" құтқарушысы жұлдызы болуына мүмкіндік бар. Қалайда ұпай алу үшін екеуі де аянып қалмасы белгілі. Есеп 2-1.
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a