“Манчестер Сити” шабуылшысы Карлос Тевестің айналасындағы дау-дамайға ақыры нүкте қойылды

27.10.2011, 03:16
“Манчестер Сити” шабуылшысы Карлос Тевестің айналасындағы дау-дамайға ақыры нүкте қойылды
Клуб басшылығы аргентиналық футболшыны 4 апталық жалақысынан айыру туралы шешімге тоқталыпты. Мәселенің бүге-шігесіне дейін қарастырған клуб қожайындары келісім шарттың бес тармағы бұзылғанын алға тартып отыр. Естеріңізге сала кетсек,  Тевес чемпиондар лигасы аясындағы кездесуде алаңға шығудан бас тартқан болатын. Өз кезегінде “денсаулығым сыр берді,”- деген Тевес 14 күннің ішінде директорлар кеңесінің шешіміне апелляция беруге құқылы. Қалай болғанда да жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдері Тевесті қысқы трансферлік маусымда, манчестерден  кететінін жарыса жазуда.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×