Парагвай ұлттық құрамасының ойыншысы Қазақстанда

26.10.2011, 22:50
Парагвай ұлттық құрамасының ойыншысы Қазақстанда

Қазақстандық клуб "Астананың" сапына Парагвай ұлттық құрама командасының ойыншысы келіп қосылмақ. Кезінде Италия біріншілігінде "Удинезе", "Перуджа", "Реджина" секілді ортаңқол командаларда ойнаған Хосе Монтьель келер жылдан бастап "Астана" сапына ауыссам дейді. Парагвай құрама командасының сапында 9 ойын өткізген оңтүстікамерикалық қорғаушының бойы 173 сантиметр ғана. Бірақ елдің айтуынша ол өзінің отандастары секілді техникалық жағынан мықты әрі шапшаң көрінеді. Кейде реті келіп жатса алаңда шабуылға араласқанда ұнатады екен.

Бұл жағдайға тек бір ғңана баға беруге болады. Тағы да бір оңтүстікамерикалық 4-сортты ойыншы біздің елге келмек. Онсызда "салбыраңқы" легионерлердің қатары тағы біреуге көбейетін шығар. Әзірге бұл ойыншының алаңдағы өнерін көргеніміз жоқ, бірақ Малик Мане, Тити Эссомбалардың деңгейіндегі ойыншыға аталған аяқдопшы еш ұқсап тұрған жоқ.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×