«Манчестер Сити» және «Манчестер Юнайтед» жаңа маусымның шымылдығын ашты

09.08.2011, 03:48
«Манчестер Сити» және «Манчестер Юнайтед» жаңа маусымның шымылдығын ашты
Англия суперкубогын сарапқа салған мықтылар "Уэмбли" стадионына жиналған 77 мың көрермен алдында тартысқа толы ойын көрсетті. Роберто Манчини шәкірттері матчты жақсы бастаған. 38-ші минутта қорғаушы Джон Лескотт Сити командасын алға жетелеп еді, артынша шабуылшы Эдин Джеко Манчестер Юнайтедтің жаңа қақпашысы Давид Де Хеаның қателігін ұтымды пайдаланды. Екінші таймда ойын басқаша өрбіді. Фергюссоннан сабақ алған Юнайтед футболшылары жігер мінез танытты. Есепті теңестіріп қоймай, жеңісті де жұлып алған чемпиондар суперкубокты еншіледі. Крис Смоллинг айырманы қысқартқан соң, араға алты минут салып, Луиш Нани таразы басын тең қылды. Португалия жартылай қорғаушысы тоқсаныншы минут түгесілер шақта осы матчтың қаһарманы атанды. Қорғаушыдан допты тартып алған ойыншы, қарымта шабуылға шығып, қақпашыны алдап өтті де, суперкубок тағдырын шешті. Есеп:3:2. "Манчестер Юнайтед" Англия суперкубогын 19-шы мәрте ұтып, рекордтық көрсеткіштерін жаңартты. "Хабар агентігі"
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×