«Манчестер Юнайтедте» коронавирустық инфекция өрши түсті, деп хабарлайды The Telegraph.
Дереккөздің хабарлауынша, клуб қызметкерлері мен ойыншылары арасында коронавирус инфекциясының 19 жағдайы анықталған.
«Манчестер Юнайтед» Премьер-Лига басшылығымен 18-ші турдағы «Брайтонмен» болатын матчты кейінге қалдыру мүмкіндігін талқылап жатыр, ол командада да бірнеше адам вирус жұқтырған екен.
Бұған дейін «Манчестер Юнайтедтің» «Брентфордпен» ойыны кейінге шегерілген болатын. Кеше, 15 желтоқсанда дәл осындай себеппен «Бернли»-«Уотфорд» кездесуі де өтпей қалды.
Біздің серіктес: FONBET