Мюнхендік «Бавария» мен Германия құрамасының 35 жастағы қақпашысы Мануэль Нойер Германия чемпионатының 3-турындағы берлиндік «Гертамен» болған матчтан кейін (5:0) керемет жетістікті атап өтті.
«Баварияның» баспасөз қызметі хабарлағандай, Нойер кеше Бундеслигадағы 205-ші кездесуінде қақпасына гол жібермеді, осылайша аты аңызға айналған Оливер Канның (204) рекордын жаңартты.
Жалпы, Нойер «Бавария» сапында 437 матч өткізді, 213 ойында қақпасын голдан аман сақтады және 336 гол жіберіп алды.
Біздің серіктес: FONBET