Самат Смақов 4 матчқа шеттетілді, Андрей Тихоновқа айыппұл салынды

29.08.2021, 02:05
Қос маман да спорттық емес мінез-құлық көрсеткен.
Самат Смақов 4 матчқа шеттетілді, Андрей Тихоновқа айыппұл салынды

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Бақылау және тәртіптік комитетінің отырысы өтті,

Отырыста мынадай шешімдер қабылданды:

"Ордабасы" - "Қызыл-Жар"

Ойыншыға қызыл қағаз берілген кезде көрсетілген команданың тәртіпсіз әрекеті үшін, Тәртіптік регламенттің 48-бабының 2-тармағына сәйкес, "Ордабасы" ФК 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, бұл 291 700 (екі жүз тоқсан бір мың жеті жүз) теңгені құрайды. "Ордабасы" ФК айыппұлды 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін төлеуі тиіс.

"Ордабасы" командасының жаттықтырушысы Смақов Самат Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес ескертулерден кейін матч төрешілеріне ұятсыз сөздер айтып, спорттық емес мінез-құлық көрсеткені үшін төрт матчқа дисквалификацияланды. Жаза мерзімі 27 тамызда басталды. Сондай-ақ 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Самат Смақов айыппұлды 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін төлеуі қажет.

"Астана" - "Каспий"

Командадағы бес ойыншының ескерту алуы барысында көрсетілген тәртіпсіз әрекеті үшін Тәртіптік регламенттің 48-бабының 1-тармағына сәйкес "Астана" ФК 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, бұл 145 850 (жүз қырық бес мың сегіз жүз елу) теңгені құрайды. "Астана" ФК айыппұлды 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін төлеуі қажет.

Спорттық емес мінез-құлық көрсеткені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес, "Астана" командасының бас жаттықтырушысы Андрей Тихоновқа 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, ол 291 700 (екі жүз тоқсан бір мың жеті жүз) теңгені құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×