Мануэль Пеллегрини. Чилилік стратег

18.01.2014, 05:15
Мануэль Пеллегрини. Чилилік стратег
Чилилік бапкер жайлы, жанкүйерлер бір кездері “Реал Мадридтің” тізгінің ұстағанын, “Малагада” жасаған сенсациясы, қазіргі “Манчестер Ситидің” жаттықтырушысы ретінде таныр. Біз жаттықтырушының, бүкіл жаттықтырушылық жолымен оқырмандарды таныстыруды жөн көрдік. Пеллегринидің тұңғыш жаттықтырған командасы “Универсидад де Чили”-Чилидің католиктік университетінің клубы. Бұл команданың тізгінін 1988 жылы ұстаған болатын. Негізі бұл командада футболшы ретінде де өнер көрсеткен. 1973-ші жылы сол университеттің инженер-құрылысшы факультетінде оқып жүрген Пеллегрини, осы клубта өнер көрсетуді жөн көреді. 13 жыл орталық қорғаушы орнында ойнап, 1979-шы Чили кубогін жеңіп алады. Бірақ бірінші жаттықтырушылық тәжірбиесі өте сәтсіз болды. Команда, турнир кестесінің соңғы орнына түсіп, келесі маусымды төменгі біріншілікте бастайды. Кейін, Чилидің бірнеше клубтарын жаттықтырған Пеллегрини, бірінші жетістігі 1995-ші жылы “Универсидад Католика” командасымен жеңіп алған Чили кубогі. Ал, 90-шы жылдардың аяғынан бастап шет мемлекеттерде жұмыс істейді. Эквадордың астанасы Кито шаһарының “ЛДУ” командасын жаттықтырып, 1999-шы ел чемпионына айналдырды. Екі жылдан соң аргентиналық “Сан-Лоренсо” клубынын тізгінін өз қолына алып, оны да ел чемпионы етеді. Жаттықтырушының келесі жетістігі басқа аргентиналық командамен болады. “Ривер-Плейтті” де Аргентинаның чемпионы еткен чилилік бапкер, енді Еуропадан шақыру алады. Қызығушылық білдірген клуб-“Вильяреал”. Еуропаны шуатып, сенсация жасауға аттанған қадамы еді бұл. Пеллегриниге дейін испандық команданың жетістігі, 2000-2001 маусымда Испан примьерасындағы жетінші орны. Ал, еурокубокта команда бір-ақ рет 2003-2004 маусымда Уефа кубогінде(қазіргі Еуропа лигасы) өнер көрсетіп, жартылай финалға шыққан. Пеллегрини келісімен, команда ешқашан жетпеген жетістіктерге жетті. 2004-2005 маусымда Уефа кубогіне қатысып, бірақ бұл жолы ширек финалда голландық “Аз Алкмар” командасына жол береді. Керісінше, ішкі біріншілікте сенсация жасап, үшінші орынға ие болып, келесі маусымда бірінші рет Чемпиондар лигасында ойнау құқығына ие болады. Іріктеу кезеңінде “Эвертонды” жеңген “Вильяреал”, ешкім күтпеген жерден “Бенфика”, “Лилль”, “Манчестер Юнайтед” секілді еурокубоктердің майын ішкен командалармен бір топқа түсіп, топтың жеңімпазы атанады. Плей-оффтың бірінші кезеңінде “Рейнджерстен” айласын асырып, ширек финалда Интермен кездеседі. Осы кезде-ақ ол өзінің стратег, тактик екенің мойындатқантұғын. Азулы “Интерге” қонақта 1-2 есебімен жеңілсе де, өз алаңында өз қаруын өзіне қарсы қолданып тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда қанша жерден стратег болғанымен де Арсен Венгерден айласын асыра алмай, қонақта минималды жеңіліп, жарыс жолын тоқтатты. Испанияның “Вильяреал” атты қалашығының командасының осы кезеңге шығуының өзі үлкен сенсация еді. Осы жетістіктең кейін де Пеллегрини команданы примьерада 7-ші орыннан төмен түсірген жоқ, онымен қоса екі маусым өткен соң тағы да команданы Чемпиондар лигасының ширек финалына шығарады. Новый главный тренер "Манчестер Сити" Мануэль Пеллегрини Осындай жетістіктерінің арқасында корольдік клуб “Реал Мадридтен” шақыру алады. 2009-шы жылы 1-ші маусым күні, 2 жылдық келісім-шартқа қол койғанымен, арадан бір жыл өтпей-ақ күтілген нәтиже көрсете алмағаны үшін, корольдік клубтан кетеді. Келесі жаттықтырған командасы “Малага”. 2010-шы жылы тізгіндеген жаттықтырушы, бір маусым өткен соң, примьерада 4-ші орынға көтеріп келесі маусымда Чемпиондар лигасына жолдама алады. Ал, 2012-2013 маусымда, Чемпиондар лигасында “Малаганың” Еуропаны қалай шулатқаны әрбір жанкүйер есіңде болар. Топтық кезеңде “Зенитті”, “Миланды” арта қалдырып, бірінші орынмен 18 финалға шығып “Портумен” кездеседі. Қонақта “Драгау” стадионында есе жібергенімен, өз стадионында жауапсыз 2 гол тоғытып, сенсация үстіне сенсация жасап, ширек финалдан бірақ шығады. Егер турнир алдында, “Малаганы” дәл осы кезеңге барады десе, мүмкін, дүниедегі ең оптимист адамның өзі де сеңбес пе еді. Ширек финалда, болашақ финалист “Боруссиямен” кездеседі. Шындығы керек, бірінші ойын Малага алаңында дортмундықтардың басымдылығымен өтсе де, 0-0 есебімен тарқасты. Ал, Дортмундтағы ойын тарихтағы ең қызықты, тартысты ойындардың бірі. “Малаганы” жартылай финалдан 3 минут уақыт қана бөліп тұрған еді. Сол 3 минут ішінде екі гол жіберген, малагалықтар жеңістен де, жеңісті беретін тең нәтижеден де айырылды. Бұған себеп, матч алдыңдағы Пеллегринидің әкесінің қазасы болар. Ойынға бір сағат қалғанда ғана, Чилиден Германияға ұшып келді деп жарияланған, чилилік бапкердің. Матч алдыңдағы жаттықтыруға, тіпті екі күн бойы командамен болмағаны белгілі болды. Бас жаттықтырушысыз маңызды матчтарға дайындалу да қиын. Себебі ойынның аяқ жағында, өз жеңістерінен қорыққандай, психологиялық кедергіге тап болғаны байқалды “Малага” ойыншылары. Бұл болжам ғана, әрине. Бірақ, тағы да Пеллегрини өзінің стратег, тактик, жоқтан бар жасай алар шебер жаттықтырушы екендігін бүкіл әлемге мойындатты. 14-шілде 2013-шы жылы “Манчестер Ситимен” келісім-шартқа қол қойып, қазіргі таңда жаттықтыруда. Жеткен жетістіктері де жаман емес. Команданы алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-оффына шығарды, Примьер-Лигада екінші орында, және Англия кубогінің финалына шығарды.     Дайындаған: Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×