Зиданның Погба жайлы ойы

18.01.2014, 06:45
Зиданның Погба жайлы ойы
Зидан: «Погба сможет выиграть «Золотой мяч» - Футбол - Чемпионат Италии Зинедин Зидан  «Ювентус» сапында керемет ойынымен футбол жанкүйерлерінің сүйікті футболшысына айналған  Поль Погбаға мадридттік «Реал» басшылығы қызығушылық танытып отырғанын айтты. Погба туриндік «Ювентусты»  Италияның А Сериясында көш бастауына мол еңбек сіңірді. 19 ойында 5 гол соққан 20 жасар француз ішкі біріншіліктің көрігін қыздырып жүрген талантты футболшылардың бірі әрі бірегейі. Ағылшындық азулы «Манчестер Юнайтед» командасында өзін толық көрсете алмаған Погбаның бағы «Ювентусқа» келіп жанды деуге толық негіз бар. Соның арқасында Франция ұлттық құрамасына шақырту алды. Европалық  топ-клубтардың назарын өзіне аударған француздық жас періден «ПСЖ» командасы да дәмелі. Футболшы қай команданы таңдағысы келсе де өз еркі. Ауқатты клуб басшылықтары жоғарғы сомадағы ақшаны ұсынуға дайын. Зидан Погбаны «Алтын допқа» лайықты футболшылардың қатарына жатқызды. «Бәрі оны өз клубтарынан көргісі келеді. Бірнеше жылдан соң Погба үш финалисттің қатарына кіреді. Ол әлі жас және  болашақта «Алтын доп» иегері атануы әбден мүмкін.  «Алтын доп» футболшы үшін ең үлкен марапат. Мен бұл сыйлықты 1998-ші жылы ұтып алғанмын. Әлем чемпионатында үздік атанғаным тегін емес. Армандаған жетістіктерді бағындырған соң менің өмірім жақсы жағына өзгерді. Погбаның да мен бағындырған белестерге жетеріне сеніммен қараймын», – деді Зидан .   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×