"Ақтөбе" командасының су жаңа ойыншысы, белоруссиялық футболшы Ренан Брессан Қазақстан Премьер-Лигасындағы ең қымбат футболшы атанды.
Немістің
Тransfermarkt.de сайтының мәлімдеуінше
Брессанның трансферлік құны 2 миллион 300 мың еуро. Бұған дейін ең қымбат футболшы "
Ақтөбе" сапындағы
Сергей Давыдов болған. Трансферлік бағасы 2 миллион еуроны құраған. "
Ақтөбе" басшылығы Сергейді өткен маусымда қазандық "Рубиннен" жалға алған болатын.
25 жасар футболшы 16 қаңтар күні "
Ақтөбемен" 2 жылдық келісім-шартқа отырды.
Толық аты-жөні: Ренан Бардини Брессан
Туған жылы: 3 ноября 1988 (25 жас), Тубаран, Санта-Катарина, Бразилия
Азаматтығы: Белоруссия, Бразилия
Бойы — 182 см.
Салмағы — 77 кг.
Амплуасы — жартылай қорғаушы
Карьера:
2005–2006 — «Атлетико Сидаде» (Бразилия)
2007–2009 — «Гомель» (Беларусь)
2010–2012 — БАТЭ (Беларусь)
2013 — «Алания» (Ресей)
2014 жылдан бастап — «Ақтөбе»
Ұлттық құрама :
2012 — Белоруссия (олимп.) — 4 (1)
2012— ден бері Белоруссия — 17 (3)
Сурет
Vesti.kz сайтынан алынды.
Абылайхан ЖҰМАШ