Мақсат Байжанов "Шахтер" сапына ауысты

28.01.2016, 01:05
Мақсат Байжанов "Шахтер" сапына ауысты
"Шахтер" сапында Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен Мақсат Байжанов үшін Қарағанды қаласының командасы жат ұжым емес. Ол бұрын өзінің жемісті жылдарын осында өткізген. Мақсат Байжанов – Қызылорда футбол мектебінің түлегі. Өткен маусымда ол "Атырау" командасының намысын қорғады. Алғашқы 7 ойында оның соққан 4 голы командаға 12 ұпай алып келген. 2015-ші жылы 4 нәтижелі пас беріп, 5 голдың авторы атанған Байжанов 26 кездесуде алаңға шықты. Өзінің спорттық ғұмырында ол «Қайсар» (Қызылорда), «Ертіс» (Павлодар), «Локомотив» (Астана), «Ақтөбе», «Жетісу» (Талдықорған) секілді командаларда ойнады. 2005 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық құрамасына алынды. - See more at: http://kazfootball.kz/news/419#sthash.zcPX2Squ.dpuf
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×