Марат Шаxметов "Тараз" клубымен келісім-шартқа отырды

28.01.2016, 01:04
Марат Шаxметов "Тараз" клубымен келісім-шартқа отырды
Марат Шаxметов оңтүстік астана футболының түлегі. "Алма-Ата", "Мегаспорт", "Локомотив", "Астана", "Жетісу" сынды футбол командаларында доп тепкен. 2015 жылдың желтоқсан айында "Астана" футбол клубымен келісім-шарты аяқталған болатын. Премьер-лиганың "Шаxтер", "Атырау" және "Тараз" командаларымен келіссөздер жүргізіп, "Тараз" командасына өз таңдауын білдірген. Өткен маусымда "Жетісу" сапында 30 рет алаңға шыққан және талдықорғандық клубты премьер-лигада алып қалған жалғыз допты соққан футболшы.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×