«Мақтаарал» тағы алты футболшымен мәміле жасасты

04.03.2022, 01:50
Атакенттік клуб бұл жолы қазақстандық футболшыларды қатарға қосты.
«Мақтаарал» тағы алты футболшымен мәміле жасасты

Атакенттік «Мақтаарал» алты ойыншымен келісім-шарт жасасқанын хабарлады.

25 жастағы Рифат Нұрмұғамет «Қайраттың» түлегі. Жартылай қорғаушы 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін «Ақтөбеде» өнер көрсетті (29 ойын, 5 гол, 1 нәтижелі пас).

22 жастағы Әліби Тұзақбаев алматылық «Цеснаның» түлегі. Бұған дейін «Рузаевка», «Қайрат», «Оңтүстік Академиясы» сынды клубтарда ойнаған. Бірінші лиганың өткен маусымында «Оңтүстік Академияда» 16 матч өткізіп, 3 гол мен 3 нәтижелі пасты өз атына жазды.

25 жастағы жартылай қорғаушы Расамбек Ахматов бұған дейін америкалық «Майами-Сити» мен «Канзас-Сити», сондай-ақ франциялық «Агно» командаларында доп тепкен. Жартылай қорғаушының соңғы клубы румыниялық «Комуна Реча» болды (22 матч, 2 гол).

25 жастағы жартылай қорғаушы Нұржігіт Сматов Алматы футболының түлегі. Бұған дейін «Ертіс», «Жетісу» және «Шахтер-Болат» командаларында өнер көрсеткен. Ол өткен маусымды «Тұран» өткізді (2 матч).

23 жастағы қақпашы Жандар Жанғалиев бұған дейін «Тараз», «Қызыл-Жар» және «Мақтааралдың» намысын қорғады. Қақпашының соңғы клубы «Тараз-Қаратау» болды.

27 жастағы шабуылшы Бекзат Жақсыбайұлы өткен маусымда «Қыранның» негізгі ойыншысы болды (23 матч, 9 гол және 4 нәтижелі пас). Бұған дейін ол Екінші лига мен Бірінші лига клубтарында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×