Марадона қызтекер болайын деген бе? (ВИДЕО)

03.03.2015, 23:21
Марадона қызтекер болайын деген бе? (ВИДЕО)
Әйгілі футболшы Диего Марадона Венесуэла Telesur телеарнасына сұхбат берді. Бұл жолы ол бағдарламаға құлағына сырға тағып, ернін далаппен қып-қызыл етіп бояп шықты, деп хабарлайды Bnews.kz. Бағдарламаны жүргізуші футболшының өз стилін неліктен өзгерткенін сұрамаған. Тілші бұл жайында сөз қозғамаған соң Марадонаның өзі де ештеңе айтпаған. 2015 жылдың ақпанында әлемдік ақпарат құралдары 54 жастағы Марадона жасару үшін бетіне пластикалық операция жасағанын жарыса жазған болатын. Футболшы мұндай қадамға әйелімен арадағы жас айырмашылығын «қысқарту» үшін барған дегендей әңгімелер желдей есті. Айта кету керек, Марадонаның әйелі Росио Оливе (Rocio Oliva) 24 жаста, яғни арада 30 жас айырмашылық бар. Тілшілердің бұлайша пайымдауы заңды да. Диего Марадона – аргентина футбол құрамасында жартылай қорғаушы және шабуылшы болып ойнаған әлемге мәшһүр футболшы. Ол «Архентинос Хуниорс», «Бока Хуниорс», «Барселона», «Наполи», «Севилья» және «Ньюэллс Олд Бойз» клубтарында өнер көрсеткен. Аргентина құрамасының сапында 91 матч өткізіп, 34 гол соққан. ФИФА-ның нұсқасы бойынша XX ғасырдың ең үздік футболшысы атанған.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×