Марио Гётце Германияға қайта оралды

22.06.2022, 17:18
Неміс футболшысы соңғы кездері Нидерландыда доп тепкен еді.
Марио Гётце Германияға қайта оралды

ПСВ клубының жартылай қорғаушысы Марио Гётце ресми түрде «Айнтрахт Франкфуртқа» ауысты.

Бұған дейін Франкфурттық клубтың жартылай қорғаушы үшін 4 миллион еуро төлейтіні хабарланған болатын.

Гётце ПСВ сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде 77 матчқа қатысып, 18 гол соқты, 18 нәтижелі пас берді. Тараптар арасындағы келісім 2024 жылға дейін есептелген еді.

Гётце бұған дейін «Бавария» мен Дортмундтың «Боруссиясында» ойнаған. 2014 жылы Германия құрамасында өнер көрсететін Гётце Аргентинамен өткен әлем чемпионатының финалдық ойынында жалғыз голдың авторы атанды.

Еске салайық, «Айнтрахт» өткен маусымда Еуропа лигасын жеңіп алса, ПСВ Нидерланды чемпионатында екінші орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×