Марио Манджукич жақын арада «Милан» ойыншысы атанады

17.01.2021, 22:42
Манджукич қазір клубсыз жүр.
Марио Манджукич жақын арада «Милан» ойыншысы атанады

Хорватия құрамасының экс-шабуылшысы Марио Манджукич жақын арада "Миланмен" келісімшартқа отырады, деп жазды италиялық журналист Николо Скира өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, хорватиялық шабуылшы "Миланмен" алты айлық келісімшартқа отырады. ЦСКА, "Локомотив" "Спартак" және "Сельта" клубтары шабуылшыға ұсыныс жасады деп хабарланды. "Милан" басшылығы 13 қаңтарда 34 жастағы футболшының агентімен кездесу өткізген екен.

"Ювентус" пен "Баварияның" бұрынғы шабуылшысы 2020 жылы 5 шілдеде катарлық "Аль Духаиль" клубымен келісімшартты бұзғаннан кейін еркін агент атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×