"Марсель" ресми сайтында Андре Виллаш-Боаштың бас бапкер қызметінен кететіні туралы хабарлады. Бұл шешім сақтық шарасы ретінде қабылданған көрінеді.
Бұған дейін Виллаш-Боаш клубқа жартылай қорғаушы Оливье Нтшамнды сатып алған болатын. Бірақ бапкер бұл ойыншыны алғысы келмеді.
Еске салайық, 30 қаңтарда "Марсельдің" жанкүйерлері клубтың президенті Жак-Анри Эйроның кетуін талап етіп, команда базасына баса көктеп кірді. Команданың қазіргі формасына жанкүйерлер де наразы.
Қарашада Виллаш-Боаштың шәкірттері чемпиондыққа үміткер болған еді, енді клубтың Чемпиондар Лигасынан тыс қалу қаупі бар. "Марсель" дәл қазіргі сәтте 32 ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET